«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНСАЯ – БЕСІНШІ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында әйелдер арасында шахматтан өткен “Cairnc Cup” турнирінде 4,5 ұпайға қол жеткізген Жансая Әбдімәлік бесінші орынға ие болды.

Он тоғыз жастағы отандасымыз тұсаукесер кездесуінде америкалық Анна Затонскихты ұтқан. Жансая келесі ойында франциялық Мари Себагпен тең түсті. Үшінші кезеңде ресейлік Александра Костенюкке есе жіберсе, төртінші турда грузиялық Бела Хотенашвилиден басым түсті. Бесінші және алтыншы айналымдарда ол АҚШ пен Үндістанның өкілдерінен жеңілді. Жетінші және сегізінші турларда грузиялық Нана Дзагнидзе және Валентина Гунинамен ұпай бөлісті. Ал тоғызыншы кезеңде Жансая германиялық Элизабет Петцті жеңді.

Бәсекелі сайыс 30 жастағы ресейлік ойыншы Валентина Гунинаның жеңісімен аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp