«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНДАС БЕЙНЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуге жете мән беріліп отыр. Өйткені, адамның өмірі көп жағдайда ақхалатты жандардың қолында. Дәрігерлер арасында өз ісіне ұқыпты, шаруасына мығым, қызметіне жауапкершілікпен қарайтын Күнсұлу Абабаева мен Жұлдыз Хабибуллина сияқты өз ісінің білгірлері аз емес.

Облыстық онкологиялық диспансерде жұмыс істейтін білікті мамандарға емдеу мекемесінің басшылығы да зор сенім артады. Өйткені, олар қауіпті дертке зертханада талдау жүргізіп, заманауи құралдардың көмегімен науқастарды тексерістен өткізеді. Осындай ауыр жүк арқалаған медицина қызметкерлері өздеріне тапсырылған міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. Обыр ауруы көп таралған өңірде қауіпті дертпен күресу үшін мамандардың біліктілігі ауадай қажет. Ұжымның абырой биігінен көрініп, сенім үдесінен шыққан қос қызметкері әріптестеріне үлгі болуда.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp