«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШ БІРІКТІРУ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуге баса назар аударды. Ал бұл дерттен тек белсенді әрі мықты азаматтық қоғам қалыптастыру арқылы арылуға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырып, оған төзбейтін ұрпақ тәрбиелеу үшін мемлекет пен азаматтық қоғам өз күштерін біріктіруі қажет. Бұл орайда еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруда сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтар мемлекет пен қоғам арасындағы нәтижелі көпір іспеттес.

Арнайы мониторингтік топ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші орган болып табылады, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралады.

Арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу кезінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Арнайы мониторингтік топтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізуге қажет қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында үлкен жұмыс жүргізді. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, қоғам, бизнес өкілдері және т.б. жұмысын ұйымдастыруда бірлескен кешенді тәсілдер іске асырылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің жанынан да арнайы мониторингтік топ құрылып, оған әртүрлі салада қызмет ететін он төрт адам мүше болды. Былтыр топтың тоғыз отырысы өтіп, онда өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру іс-шаралар жоспарының орындалуы, мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалану, сондай-ақ, билік органдарының сыбайлас жемқорлықты жою, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралары және өзге де жиырмадан аса өзекті мәселе қаралды.

Сонымен қатар өткен жылы өңіріміздің барлық аудандарында осындай топтар құрылған болатын, олардың құрамына ауылдық округтердің өкілдері кірді. Құрылған мониторингтік топ тұрғындарды мазалайтын аса маңызды мәселелерге сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Аудандарда бір жылда 59 отырыс өткізіліп, онда 120-дан астам мәселе қаралған. Сондай-ақ, өңірімізде жүзеге асырылып жатқан “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі қызметінің екінші бағытын жүзеге асыруға аталған топтардың қосар үлесі зор болмақ.

Нұрбану ЖҮКЕНОВА, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp