Бүгінде өңірімізде тұратын алты мыңнан астам көпбалалы анаға ай сайын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгені құрайтын мемлекеттік жәрдемақы берілуде. Көпбалалы отбасынан шыққан 3613 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Колледждерде оқып жатқан 1300 өрен әлеуметтік көмек алады. «Облысымыздағы «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» ордендерімен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы екі есеге көбейтіліп, 4-5 баладан көп перзент тәрбиелеп отырған аналарға биылдан бастап алғаш рет әлеуметтік жәрдемақы төленетін болады», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.