Петропавл қаласындағы Жамбыл және Володарский көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы көліктің жүргізушісі патрульдік полицияның «Лада 21214» маркалы қызметтік көлігіне соғылды. Шетелдік көліктің жүргізушісі солға бұрыларда жол ережесін өрескел бұзған. Бұл әрекеті үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.