Премьер-министрдің орынбасары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев облысымызға жұмыс сапарымен келді.Вице-премьер бастаған делегация Петропавл қаласындағы бірқатар зауыттағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысуда.
Асқар Жұмағалиев алдымен “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ға барды. Кәсіпорынның басшылары қонақтарды механикалық цехтың және қайта құру учаскесiнiң жұмысымен таныстырды. Іргелі зауыт бүгіндері темір жол, мұнай-газ кешендері үшін құрылғылар мен радиоэлектронды аппаратура, сандық теледидардың техникалық құралдарын шығарады. Бірегей кәсіпорынның цехтарын жаңа қондырғылармен жабдықтаудың нәтижесінде өнім сапасы арта түскен. Бүгінгі таңда зауыт “Цифрлық Қазақстан” және “Кибер қалқан” бағдарламалары аясында қолға алынатын жобаларды жүзеге асыруда.