«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауынан 16 солтүстікқазақстандық оқушы жүлделі оралды.

“Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі ғылыми жобалар байқауына биыл 800 оқушы қатысты. Оңтүстік астанаға біздің облысымыздан жалпы пәндер бойынша іріктеу кезеңінен өткен 28 жоба авторы аттанған болатын. Жуырда Оқушылар сарайында жүлделі оралған жас ғалымдарды марапаттау рәсімі өтті.

Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Даниил Александров – өңірімізден бірінші орынға қол жеткізген жалғыз оқушы. Ол “Техника” секциясы бойынша сайысқа түсті. Ал екінші орынға ие болғандар – “Тарих” секциясы бойынша сайысқа түскен осы лицейдің 11-сынып оқушысы Дания Шәріп, физикадан талаптарын көрсеткен шалақындық Дияз Ертурин, “Адам өмірін және қоршаған ортаны қорғау” тақырыбында жоба қорғаған бескөлдік Екатерина Спиридонова. Байқауда Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың, қазақ мектеп-гимназиясының, ЛОРД мектеп-лицейінің, бірінші қалалық жалпы білім беру лицейі оқушыларының әзірлеген жобалары да жоғары бағаға ие болғанын атап өту қажет.

Биылғы байқаудың ерекшелігі – оқушылар өз жобаларын онлайн режімде қорғады. Байқауға қатысушылардың ұстаздары мен ата-аналары қашықтан отырып, балаларының жобаларын қорғау барысын бастан-аяқ тамашалай алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp