Белгісіз біреулер түнде көшеде келе жатқан ерлі-зайыптыға шабуыл жасап, қолдарындағы сөмкелерін жұлып әкеткен. Қолды болған сөмке көп ұзамай табылғанымен, ішіндегі 25 мың теңге жоқ болып шықты.Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. Белгілі болғандай, жігіттердің бірі осыған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Енді олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жыл басынан бері облыс орталығында 16 ұрлық фактісі тіркелсе, соның тоғызы қоғамдық орындарда болған.