«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда комикс өнер клубы өз жұмысын бастады. Клуб жетекшісі Дархан Баяхметов өнердің бұл түрінің Еуропа мен АҚШ-та кең өріс алғанын, ал Қазақстанда баяу дамып келе жатқанын айтады.

Өйткені, суретті әңгімелер мен хикаяларды баяндаудың өзіндік қалыптасқан мәнерімен қатар ерекшеліктері, сондай-ақ, қиындықтары аз емес көрінеді. “Бала күнімізде комикстерді газет-журналдардан көрсек те, аса мән бере қоймаппыз. Бірде комикстер бейнеленген кітапты қарап отырып ішіндегі суреттер мен жазбаларға көзім түсті. Бірінші бетінен суреттерге назар аударып, айналасындағы жазуларды оқып, құдды бір фильм қарап отырғандай әсерге бөлендім. Әрқайсысы белгілі бір оқиға желісін баяндап, өзіне еріксіз баурап алды”, – дейді Дархан Баяхметов.

Негізі комикс өнерінің тарихы XVII ғасырда Испанияның Валенсия және Барселона қалаларынан бастау алады екен. Елімізде жастардың қызығушылығы басым. Төл туындыларын салуды енді бастаған клуб мүшелерінің алғашқы еңбектері жұртшылық тарапынан жоғары бағаланыпты. Түрлі оқиғалар желісі монолог, диалог үлгісінде баяндалатын комикстерді жинақ етіп құрастыру ойларында бар. Комикстер әзірлейтін тұрақты авторлардың патриоттық тәрбие, гендерлік теңдікке қатысты шығармалары үлкен сұранысқа ие. Клуб мүшелерінің алдағы жоспарлары тіпті ауқымды. Жазда Астана қаласында тұңғыш рет өтетін қазақстандық комикстер фестиваліне қатыспақ ниетте.

Өмір ЕСҚАЛИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp