Белгіленген уақыттан артық жұмыс істеген 78 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, тиісті ақшалары төленді. Бұл жайлы мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің басшысы Ғани Жалбидің және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дулат Тайшабайдың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.