«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛУАН ШОЛАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сайын дала – Сарыарқа төсі ежелден ән мен жырдың алтын бесігі десек қателеспейміз. Бұл өлкеде талай жақсылардың жарқын ізі қалды. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сияқты қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін көкке көтерген замана заңғарлары осы қасиетті топырақта жүріп, аспандағы аққуға үн қосты емес пе? Күллі қазақтың мақтанышына айналған сал-серілер шоғырының көрнекті өкілі Балуан Шолақты, сірә, білмейтін қазақ кемде-кем.

Атақты халық әншісі әрі композитор, аттың құлағында ойнаған, жауырыны жерге тимеген балуанның өмірі туралы сөз қозғағанда жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаевтың келтірген дәлелдеріне тоқталмауға болмас. Өйткені, тарихта Балуан Шолақтың туған жері туралы әртүрлі пікір бар. 1973 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясында Нұрмағамбет Баймырзаұлының (Балуан Шолақтың азан шақырып қойған аты) 1864 жылы Жамбыл облысы аумағындағы Хан тауының маңында дүниеге келгені айтылған. Алайда, Е.Мырзахметов, З.Қоспақов, Ж.Бектұров, Б.Қыдырбекұлы сияқты ғалымдар Балуан Шолақ туралы еңбектерінде бұл деректің жансақ екенін жазған. Олар үлкендердің естеліктеріне сүйене отырып, нақты дәйектер келтіріп, оның Сарыарқа тумасы екенін діттейді. Мәселен, жазушы Жайық Бектұров: “Балуан Шолақ өлгенде біз сегіз-тоғыздағы естияр баламыз. Ауыл арасы жақын. Шолақтың есімі де, ат үстіндегі тұлғасы да біздің көзімізге, көкірегімізге ерте қонған”, – дейді бір жазбасында. Осындай дәлелді дәйектер келтірген азаматтардың сөзін де жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан Балуан Шолақтың өмірі әлі де толық зерттеуді қажет етеді.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №20 (21.02.2019ж.) санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp