«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЛЕР СОТЫ — БАБА ЖОЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінде ардагерлердің қатысуымен қоғамдық кеңес өтті. Отырыста жобалық кеңсе басшысы Жанар Таласпаева “Рухани жаңғыру” бағдарламасы және оны жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері бірталай шара өткізілген. Жиында жаңғырған қоғам қалыптастырып, халқымыздың рухани әлемін байытуды көздеген бұл бағдарламаның ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жангелді Тәжин бағдарламаны жүзеге асыру аясында аға буын мен жас ұрпақ арасында тәрбиелік мәні терең кездесулерді жиі өткізу туралы ұсыныс айтты. Табиғаты әсем Қызылжар өңіріне келушілердің қызығушылығын арттыру үшін туристік орындардың жұмысын жетілдіріп, жарнамалау, демалыс нысандарының қызметі сөз етілді. Ал облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Нұрақаев жер атауларының шығу тарихын терең зерттеп, ономастикалық бағыттағы жұмыстарды жандандыруға кеңес берді. Сондай-ақ, ол өңірдегі екі ауданда билер соты құрылғанын жеткізіп, оның тиімді жұмысын тілге тиек етті. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институты – дауды шешудің тиімді тетігі болып саналған билер сотын құру өзге де қатысушылар тарапынан қызу қолдау тапты.

Гүлгүл ТӨЛЕШОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp