«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бүгінгі таңда өңіріміздегі мекемелер мен ұйымдарда латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жақында “Өрлеу” БАҰО АҚ-ы филиалы ұйымдастырған “Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбындағы оқыту курсына қатыстық. Жаңа әліпбиді алғашқылардың бірі болып меңгеруге мүмкіндік алдық.

Латын әліпбиіне көшу жайлы 1990 жылдардан бері айтылғанымен, сең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауы жарияланғаннан кейін қозғалды. Латын әліпбиін әлем халықтарының жетпіс пайызы қолданатындықтан, жаңа әліпбиге көшу арқылы біз жаһандану көшіне ілесеміз.

Курс барысында латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшудің қажеттіліктері мен маңызын сараладық. Қазақ әріптерінің латынша таңбалануы мен жазылу емлесінің ережелерімен таныстық. Курсқа қатысқан әр тіл маманы алдағы уақытта жаңа әліпбиді насихаттауға үлесін қосатынына сеніміміз мол.

Зәуреш ШӘКЕНОВА, “әл-Фараби” мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp