«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРЕШІНІҢ “ТАРТУЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

17 ақпан күні Польша біріншілігінің 22-ші туры аясында “Легия” мен “Краковия” командалары кездескен болатын. Тартысты кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есеп – 0:2.

Бұл ойында жанкүйерлерді таңғалдырған қызықты оқиға орын алды. Матч барысында “Легия” командасының қорғаушысы Вильям Реми бірнеше мәрте ойын тәртібін бұзды.

Бас төреші Петр Ласык ойынның 74-ші минутында жерге құлаған қарсыластың үстінен басып өткен футболшыға екінші сары қағаз көрсетіп, жасыл алаңнан қуады.

Алайда, “VAR” бейнеқайталау жүйесі арқылы бейнежазбаны қараған төреші Ремиді қайтадан алаңға шақырады. Сөйтіп, бұған дейін көрсетілген сары қағаздың күшін жойып, ойынға қайта ораламын деп қуанып тұрған футболшыға енді қызыл қағаз көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp