ҚҰРТ АУРУЫНАН ҚАУІП ЗОР
Өткен жылы өңірімізде туберкулез ауруына шалдығушылар саны 5,4 пайызға төмендеген. Облыс бойынша 353 адам науқастар қатарына қосылды. Аурудың алдын алу мақсатында 350 мыңнан астам адам флюорографиялық тексеруден өтсе, 218-інде сырқат анықталды. Бұл туралы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қаныш Бижанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесу барысында айтты.