Көктемгі тасқын биыл тағы да солтүстікқазақстандықтарды әбігерге салуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша өңірде 92 елді мекенді су басу қаупі бар. Сондықтан апаттың алдын алу үшін құтқарушылар қамдануға кірісті. Сондай-ақ, мамандар тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіруді бастады.