«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРТ АУРУЫНАН ҚАУІП ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы өңірімізде туберкулез ауруына шалдығушылар саны 5,4 пайызға төмендеген. Облыс бойынша 353 адам науқастар қатарына қосылды.  Аурудың алдын алу мақсатында 350 мыңнан астам адам флюорографиялық тексеруден өтсе, 218-інде сырқат анықталды.  Бұл туралы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Қаныш Бижанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесу барысында айтты. 

–Туберкулез ауруының алдын алу үшін тұрғындар жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтуі тиіс. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында ауруды ерте кезеңде анықтау үшін бактериоскопиялық диагностиканың тиімділігі зор. Бактериоскопиялық диагностикадан 5287 адам өтті. Сондай-ақ, 2018 жылы 74 мың бала тексерілді. Соның 15-і туберкулез дертіне шалдыққан, – деген Қаныш Болатұлы балалар арасында  ауру көрсеткіші бірқалыпты екенін айтты. Өткен он екі айдың қорытындысы бойынша бес мыңнан астам балаға диаскинтест зерттеуі жүргізілген. Аталмыш медициналық мекеменің науқастарды әлемдік деңгейде емдеудің жаңа әдісін  қолданысқа енгізгенін  атап өткен жөн.

Емдеу мекемесі өткен жылы 52 миллион теңге тұратын BACTEC MGIT заманауи медициналық құралы мен ауруды дәл анықтайтын өзге де диагностикалық аппараттарды сатып алған. Дәрігерлердің айтуынша, биылғы жылдың жоспарында тағы бір жаңа кешен сатып алу көзделуде. Өйткені, еліміздің өзге аймақтарымен салыстырғанда біздің өңірде тұрғындардың құрт ауруына шалдығуы көп. Ал науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ешқандай қиындық жоқ. Бағасы қымбат тұратын дәрі-дәрмектердің көмегімен қысқа мерзімде ем жүргізудің тиімділігін сөз еткен мамандар  биыл тағы бірнеше дәрілік затқа тапсырыс берілгенін жеткізді.  

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, 

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp