Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командалары плей-офф сынындағы төртінші кездесуін өткізді.
Матч басында павлодарлықтар қақпамызға қатарынан үш шайба салып, алға шықты. Ойынның 59-шы минутында құлагерлік хоккейші Станислав Логинов есеп айырмасын қысқартқанымен, қарсылас команданың ойыншысы Денис Гурьев кездесудің нүктесін қойды. Есеп – 1:4. Осылайша қызылжарлық команда серияда қарсыласына қатарынан үшінші рет есе жіберді.
Екі команданың арасындағы бесінші кездесу ертең, 23 ақпан күні Павлодар қаласында өтеді.