«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.02.2019

ҮКІМЕТТІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асқар Ұзақбайұлы Мәмин – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі; Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – …

ҮКІМЕТТІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ Read More »

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Білім және ғылым министрі лауазымына Күләш Шәмшидинованың кандидатурасы мақұлданды. Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының кандидатурасын Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындауға келісті. 

ЕЛЖАН БІРТАНОВ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҚАЛДЫ

Мәжіліс Денсаулық сақтау министрі лауазымына Е.Біртановтың кандидатурасын мақұлдады Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің отырысы өткен болатын. «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды. Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Елжан Біртановтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

ЖАҢА МИНИСТРЛІКТІ ДӘУРЕН АБАЕВ БАСҚАРАДЫ

Мәжіліс Дәурен Абаевтың кандидатурасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өткен болатын. «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды. Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Дәурен Абаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі …

ЖАҢА МИНИСТРЛІКТІ ДӘУРЕН АБАЕВ БАСҚАРАДЫ Read More »

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

1 наурыз күні Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жерлес ақын Ерік Асқаровтың 60 жасқа толуына орай аймақтық мүшайра өтеді. 

САПАРБАЕВ – МИНИСТР

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

КАНДИДАТУРАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Мәжіліс депутаттары мәдениет және спорт министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын мақұлдады. Мұхамедиұлы депутаттардың ұсынысы бойынша министр лауазымында қалатынын растады. “Мәжіліс комитетіне бұл бірауыздан қолдағаны үшін үлкен рақмет. Шынында да, қазір бізде тарихи-мәдени мұраны қабылдау, «Мәдениет туралы» Заңға өзгерістер сияқты үлкен заңнамалық мәселелер тұр. Сондықтан да мен біздің Комитетке сенім артқаны үшін және перспективалы жоспарлары үшін …

КАНДИДАТУРАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ Read More »

ЖАҢА МИНИСТР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қанат Бозымбаевты энергетика министрі қызметіне тағайындау ұсынысы қабылданды. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мәжіліс жиналысында Қанат Бозымбаевты энергетика министрі қыметіне тағайындау кандидатурасы ұсынылды.

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ ҰЛТТЫҚ БАНКТІ БАСҚАРАДЫ

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабыл алды.  Конституцияға сәйкес Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады. «Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде Ерболат Досаевты ұсынып отыр. Ол қызмет еткен жылдары өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете …

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ ҰЛТТЫҚ БАНКТІ БАСҚАРАДЫ Read More »

ҚОС МИНИСТРЛІК ТАРАДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қайта құрылды. Бұл туралы Президенттің ресми сайты хабарлады.  Президент Жарлығына сай, бұл ведомство «Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деп аталады.  Ал Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен қоғамдық даму министрлігі біріктіліріп, енді бұл ведомство «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі» деп аталады. Жарлыққа 25 ақпанда қол қойылған. 

ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Мал ұрлығына қатысты бұрын жасалған жеті және өткен жылы орын алған алты қылмыс ашылып, ұрланған 13 бас мал иелеріне қайтарылды. Бұл жұмыстар “Мал ұрлығы” республикалық жедел алдын алу шарасы аясында атқарылды.

КҮЙІК АЛЫП, ҚАЗА ТАПТЫ

Бұрнағы күні Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы екі пәтерлік тұрғын үйде газ жарылды. Төтенше жағдай кезінде күйік алған 55 жастағы үй иесі жедел жәрдем көлігінің ішінде көз жұмды.

АУЫЛДЫҚТАР АЛАМАНЫ

Шал ақын ауданында ХXIIІ халық спорты ойындарының аясында “Солтүстік – 2019” қысқы спорт мерекесі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарысқа өңіріміздің 13 ауданынан бір мыңнан астам спортшы қатысып, қысқы президенттік көпсайыс, конькимен жүгіру, футзал, керлинг, шаңғы жарысы, шорт-трек, шайбалы және допты хоккей  бойынша сынға түсті.

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН КҮРЕС

Ақпанның жиырмасыншы жұлдызынан  облыс полицейлері. Мал ұрлығы республикалық жедел-алдын алу  іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Оған күн сайын екі жүзден астам полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың айтуынша, облыс бойынша 40 мобильдік топ құрылып, 43 беке т қойылған. Операция басынан 13 ұрлаған мал иелеріне қайтарылған. Бұрын істі болған 40 адамның мал …

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН КҮРЕС Read More »

АСҚАР МАМИН – ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

ӨМІРІН ӨРТ ҚИДЫ

23 ақпан күні облыс орталығындағы Дзержинский, 2 қысқа көшесінің бойында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй отқа оранды. Қалалық №3 мамандандырылған және №1 өрт сөндіру бөлімдерінің 16 қызметкері оқиға орнына тоғыз минуттан соң жетті. Екі учаскеге бөлінген өрт сөндірушілер төрт техниканың көмегімен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Үй мен қора-қопсы бір-біріне тығыз орналасқандықтан жұмыс қиындап, өрт 16 …

ӨМІРІН ӨРТ ҚИДЫ Read More »

ЕКІНШІ ЖЕҢІС

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командалары плей-офф сынындағы бесінші кездесуін өткізді. Павлодар қаласында өткен матчта жерлес шабуылшы Денис Стасюк есеп ашты. Бұдан соң ертістік хоккейші Сергей Твердохлебовтің соққан шайбасы таразы басын теңестірді. Ойынның 48-ші минутында құлагерлік қорғаушы Федор Хорошев командасын алға шығарды. Кездесу 2:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Дегенмен, павлодарлық …

ЕКІНШІ ЖЕҢІС Read More »

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА

Облыс орталығында 1300-ден астам жалға берілетін пәтер мен үй бар. Жергілікті полицейлер мен мемлеттік кірістер басқармасының қызметкерлері оларды аралап жүр. Себебі жалға берілген үй иелерінің салық төлемеуі жиі кедеседі деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда оларға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады.

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАЙДЫ

Ет өнімдерін жасаумен айналысатын “Шаров” жеке кәсіпкерлігі биыл алғаш рет жергілікті студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ технолог мамандарды даярлай бастады. Биыл алғаш рет жоғары оқу орнының төрт студенті аталмыш кәсіпорынға өндірістік тәжірибеден өтуге келген. Солардың бірі – Жұмагүл Серікова “Азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы” мамандығы бойынша білім алуда. Ол кәісіпорын технологтарының ақыл-кеңесін зейін қойып …

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАЙДЫ Read More »