Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командалары плей-офф сынындағы бесінші кездесуін өткізді.
Павлодар қаласында өткен матчта жерлес шабуылшы Денис Стасюк есеп ашты. Бұдан соң ертістік хоккейші Сергей Твердохлебовтің соққан шайбасы таразы басын теңестірді. Ойынның 48-ші минутында құлагерлік қорғаушы Федор Хорошев командасын алға шығарды. Кездесу 2:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.
Дегенмен, павлодарлық ұжым серияда әлі де алда келеді. Жалпы есеп – 2:3.