«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҚ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының тәртіп сақшылары екі күндік «Hi-Tech» жедел алдын алу шарасының аясында он киберқылмысты анықтады. Оның ішінде сегіз алаяқтықпен қоса, бейнежазбаларды заңсыз саудалауға және жеке деректерді бұзуға қатысты фактілер бар.

Интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен павлодарлық 28 жастағы азамат және Рудный қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталды. Алғашқысына петропавлдықтарға қатысты  – екі, екіншісіне алты интернет-алаяқтық жасады деген күдік тағылып отыр. Олар әдеттегідей, интернетке пәтерді жалға беретіндерін жариялап, хабарласқан азаматтардан алдын ала төлем алған. Шығын көлемі пәтерді жалға беру мерзіміне орай 6 мыңнан 80 мың теңгеге дейін жеткен.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp