Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің қарауына Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынған болатын. Мәжіліс депутаттары Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
53 жастағы Асқар Маминнің мамандығы инженер-құрылысшы, экономист. Еңбек жолын құрылыс тресінде монтажшы болып бастаған. Әр жылдарда Көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сияқты жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
https://www.inform.kz/kz/askar-mamin-kr-prem-er-ministri-bolyp-tagayyndaldy_a3501672