«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ ТАЛАП – ТӘРТІП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Белгіленген уақыттан артық жұмыс істеген 78 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға қосымша еңбекақы төленді. Бұл жайлы мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің басшысы Ғани Жалбидің және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дулат Тайшабайдың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қызметшілері белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеген органдар, соның ішінде облыстық статистика департаментінің, білім және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар өткен жылы департамент мемлекеттік органдарға жетпіс тексеру жүргізіп, 167 заң бұзушылықты анықтады. Осылайша, 34 азаматтың құқығы қалпына келтірілді, оның тоғызы – мемлекеттік қызметші. Мәселен, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінде азаматтың өтінішін қарау негізсіз тоқтатылғаны белгілі болды. Өтініш берушіге бұл жөнінде толық жауап департаменттің ескертуінен кейін ғана берілді. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласының және Қарақоға ауылдық округі әкімдерінің аппаратында, аумақтық орман шаруашылығы инспекциясында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік дұрыс қолданылмағаны анықталды.

Индира БӘЖЕНОВА, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp