«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙІК АЛЫП, ҚАЗА ТАПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы екі пәтерлік тұрғын үйде газ жарылды. Төтенше жағдай кезінде күйік алған 55 жастағы үй иесі жедел жәрдем көлігінің ішінде көз жұмды.

Кешкі тоғызда орын алған төтенше жағдай газ баллоны редукторының ақаулығынан болды.  Жарылыс салдарынан өрт шығып, 12 шаршы метр жерге жайылған жалын жиһазға зақым келтірді. Оқиға орнына жеткен жергілікті құтқарушылар екі арнайы техниканың көмегімен өртті бір сағаттың ішінде ауыздықтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp