Петропавл қалалық соты діни алауыздық тудырды деп айыпталған қала тұрғыны Тимур Дәулетовті ақтап, сот залынан босатты.
Бұл іс өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қаралуда. Прокуратура өкілі соттан Тимур Дәулетовті төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Өйткені оған «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни алауыздық тудыратын бес материалмен бөліскен деген айып тағылды. Олардың үшеуі сараптамаға жіберілген.
Айыпталушының адвокаттары «Әділ сөз» ақпараттық дауды саралау орталығына жүгініп, мамандардан кеңес алған. Орталық мамандары жарияланған материалдарды азаматтарды теріс діни ағымдардан сақтануға шақыру деген тұжырымдама жасады.