«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ет өнімдерін жасаумен айналысатын “Шаров” жеке кәсіпкерлігі биыл алғаш рет жергілікті студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдады.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ технолог мамандарды даярлай бастады. Биыл алғаш рет жоғары оқу орнының төрт студенті аталмыш кәсіпорынға өндірістік тәжірибеден өтуге келген. Солардың бірі – Жұмагүл Серікова “Азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы” мамандығы бойынша білім алуда. Ол кәісіпорын технологтарының ақыл-кеңесін зейін қойып тыңдауда. Ал, тәжірибелі технолог Мария Яковенко өндірістік тәжірибе алуға келген әр студентке бар білгенін үйретуде. “Кезінде біз жұмыстың бәрін қолмен істейтінбіз. Қазір барлығы дерлік автоматтандырылған. Қыздар жаңа құрылғыларды тез меңгерді. Енді оларды шұжықтарды байлау әдісіне үйретудеміз”, – дейді маман.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp