«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану музейінің “Қолөнер – сырлы өнер” атты көшпелі көрмесі ашылды.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмені қала тұрғындары мен студенттер тамашалады. Қазақ халқының тарихынан, әдет-ғұрпынан сыр шерткен құнды жәдігерлер келушілердің қызығушылығын тудырды.

– Биыл қызылжарлықтардың назарына қазақ этнографиялық экспозициясын ұсынуды ұйғардық. Халқымыздың тарихын зерттеуде алдымен тұрмыстық заттар мен бұйымдарға ерекше назар аударған жөн. Біздің өңірімізде бұйымдар, негізінен, ағаштан жасалған. Көрмеге қойылған жәдігерлер соның айғағы іспетті, – деген Мағжан Жұмабаев аудандық мұражайының директоры Серік Жұмағұлов әр бұйымның тарихына тоқталып, түлкі ішікке ерекше назар аударды. Он бір қарсақтың терісінен жасалған тон қонақтарды қызықтырды.

Жалпы, бұл көрмеге отызға жуық этнографиялық экспонат қойылды. Ағаштан жасалған табақ, қолдиірмен, шелек пен ұлттық киім үлгілері аудандық тарихи-өлкетану мұражайының бірегей жәдігерлері болып саналады. Торсық, бесік, саптама етік, күбі де құнды мұралардың қатарынан орын алған. Жылжымалы көрмені қала тұрғындары мен қонақтары наурыз айының соңына дейін тамашалай алады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp