«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мал ұрлығына қатысты бұрын жасалған жеті және өткен жылы орын алған алты қылмыс ашылып, ұрланған 13 бас мал иелеріне қайтарылды. Бұл жұмыстар “Мал ұрлығы” республикалық жедел алдын алу шарасы аясында атқарылды.

Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылында тәртіп сақшылары аудандық әкімдіктің, ветеринария бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, ауыл тұрғындарымен кездесті. Еркін жайылымда жүрген малдардың ұрлануына қатысты мәселелер көтеріліп, ветеринарлық құжаттарды беру тәртібі түсіндірілді. Казанка ауылдық округіндегі “Шатило және К” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қолға алынған жұмыстар мысалға келтірілді. Серіктестік “Электронды бақташы” жүйесін үш жылға жуық уақыт бойы тиімді қолданып келеді. 1200 бас малға арналған жайылым төменжиілікті кернеулі сыммен айнала қоршалған. Іштегі ашатұяқтылар екі малшының бақылауында.

Мал ұрлығының алдын алудың тиімді жолдарының бірі – жануарларды таңбалау. Бүгінде Жамбыл ауданында 75 мың бас мал таңбаланыпты. Олардың 6553-і – жылқы.

Шара аясында бұрын істі болған 40 адамның мал ұрлығына қатыстары бар-жоғы тексерілді. Ветеринарлық бақылау қызметінің мамандарымен бірлесіп, мал және ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілерін болдырмауға қатысты рейдтік шаралар өткізілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp