«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРІН ӨРТ ҚИДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

23 ақпан күні облыс орталығындағы Дзержинский, 2 қысқа көшесінің бойында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй отқа оранды.

Қалалық №3 мамандандырылған және №1 өрт сөндіру бөлімдерінің 16 қызметкері оқиға орнына тоғыз минуттан соң жетті. Екі учаскеге бөлінген өрт сөндірушілер төрт техниканың көмегімен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Үй мен қора-қопсы бір-біріне тығыз орналасқандықтан жұмыс қиындап, өрт 16 сағат 46 минутта толықтай сөндірілді. Дегенмен, бұл уақытта 32 шаршы метр ауданға жайылған жалын өрт шыққан пәтерді түгел жалмап үлгерді. Осылайша, өрт сөндірушілер үйдің екінші бөлігін ғана сақтап қалды. Өкінішке қарай, оқиға орнынан 55 жастағы азаматтың мүрдесі табылды.

Жыл басынан бері облыста 2 млн. 370 мың теңгенің шығынын келтірген 109 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау 7 адамның өмірін қиып, 5 азамат зардап шекті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp