Кеше Шоқан Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылының тұрғыны газ баллонынан шыққан өрт салдарынан көз жұмды.
Мамандардың айтуынша, баллонның редукторындағы ақау салдарынан газ ауамен араласып, өрт содан шыққан. 12 шаршы метр алаңды шарпыған өртті құтқарушылар бір сағат шамасында толық сөндірген. Ал денесін күйік шалған 55 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.