ҚЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕУ — ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Қыз бала тәрбиесі, оның отбасындағы рөлі, инабатты келін атану үшін нәзік жанның бойында қандай қасиеттер болуы керек? Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында өткен “Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады” атты дәстүрлі облыстық аналар форумы осы тақырыптар төңірегінде өрбіді. Шарада көпті көрген ақ жаулықты аналар бойжеткендерге ақыл-кеңестерін айтып, бақытты отбасын құру жолдарымен бөлісті.