«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 наурыз күні Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жерлес ақын Ерік Асқаровтың 60 жасқа толуына орай аймақтық мүшайра өтеді. 

Қаламгердің мұрасын насихаттауға бағытталған шараға біздің облыспен қатар Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар өңірлерінен 15-20 жас аралығындағы жас ақындар қатысады. Олар Ерік Асқаровтың шығармашылығы, “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламасы жайында және еркін тақырыпта үш өлең оқып, сөз жарыстыратын болады. “Өскелең ұрпақ жерлес ақын-жазушыларымызды танып-білуі тиіс. Мүшәйра осы мақсатта өткелі отыр. Сондай-ақ, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, еліміздің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел  келешегін поэзия арқылы қалың жұртшылыққа паш етуді көздедік”, – деді кітапханашы Майра Мақышева. 

Гүлбике КУБЕНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp