Бұрнағы күні түн ортасында “112” нөміріне Тайынша ауданындағы Жаңадәуір мен Ақмола облысындағы Наурызбай батыр ауылдарын байланыстыратын жолда екі азаматтың қалып қойғаны жөнінде хабар келіп түсті. Оларға дереу аудандық №17 өрт сөндіру бөлімінің экипажы көмекке келді. Белгілі болғандай, “Фольксваген” маркалы автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар елуді алқымдаған екі елордалық азаматты жақын маңдағы елді мекенге дейін шығарып салды.
Жыл басынан бері құтқарушылар өңір жолдарындағы қар құрсауында қалып қойған 55 азаматқа қол ұшын берген. Сонымен қатар көлігі істен шыққан 117 жолаушыға көмек көрсетілді.
Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.