«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.02.2019

ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

Біріккен Араб Әмірліктерінің бұрынғы елшісі Қайрат Лама Шариф Қазақстанға оралатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дипломат 2017 жылдың 20 маусымында Қазақстан Президентінің төтенше және өкілетті елшілердің бес жыл уақыт бойы шетелдегі мекемелерде үздіксіз жұмыс істеу керектігі жайлы заңға өзгертулер енгізгенін айтып өтті. “Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес бүгін Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті …

ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ Read More »

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Ақпанның 26-сы күні премьер-министр Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. “Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын”, – делінген Жарлықта.

БАЛУАНДАР БОЛГАРИЯДА БЕЛДЕСЕДІ

28 ақпан мен 3 наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында күрес түрлері бойынша атақты балуандар Дан Колов пен Никола Петровты еске түсіруге арналған халықаралық жарыстың жалауы желбірейді.

РЕКТОР ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде биылғы мектеп бітіруші түлектер арасында жоғары оқу орны ректорының грантына арналған олимпиада өтуде. Білім сынағына 300-ге тарта үміткер қатысуда.

ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БОЛДЫ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Денсаулық сақтау саласындағы сандық жүйе және әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбы аясында журналистер қауымы облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты.

КРИМИНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ

СҚО полиция департаментінің жедел-криминалистік басқармасының бас криминалисі Жақсылық Валеев өз мамандығы бойынша озат атанды.

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында жаңадан сайланған өңірлік қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырлы Едіресов жұмыс жоспары туралы баяндап, кеңес мүшелеріне жемісті еңбек тіледі. Алғашқы отырыста қоғамдық кеңестің мүшелері балық аулайтын көлдер тізімін бекіту, агроқұрылымдарға берілетін тыңайтқыштарға демеуқаржы тағайындау, егіншілік саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері, облыстық әкімдіктің бірқатар қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар …

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ Read More »

АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ

Петропавл қалалық соты діни алауыздық тудырды деп айыпталған қала тұрғыны Тимур Дәулетовті ақтап, сот залынан босатты. Аталмыш іс өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қаралуда.

СӘБИТ МҰҚАНОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

Қызылжардағы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында режиссер Орал Жүнісовтің 2004 жылы экранға шығарған жазушы Сәбит Мұқанов туралы деректі фильмі көрсетілді.

ҚАЗА ТАПТЫ

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде газ жарылды. Төтенше жағдай кезінде күйік алған 55 жастағы үй иесі “Жедел жәрдем” көлігінің ішінде көз жұмды.

ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛДЫ

23 ақпан күні облыс орталығындағы Дзержинский 2-ші қысқа көшесінің бойында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнынан 55 жастағы азаматтың мүрдесі табылды.

АЛАЯҚТЫҚ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының тәртіп сақшылары екі күндік “Hi-Tech” жедел-алдын алу шарасының аясында он киберқылмысты анықтады.

ОНЛАЙН РЕЖІМДЕ ҚОРҒАДЫ

Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауынан 16 солтүстікқазақстандық оқушы жүлделі оралды. Биылғы білім сайысы онлайн режімде өтіп, қатысушылардың жетекшілері мен ата-аналары ғылыми жобаларды қорғау барысын бақылай алды.

ЖАС АҚЫНДАР ЖҮЛДЕСІ

Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар орталығының құрылғанына көп уақыт өте қоймаса да шәкірттеріміз түрлі облыстық, республикалық додаларға қатысып, биіктерден көрініп жүр. Жуырда қос бірдей өреніміз – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Мақсат Серік пен Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушысы Диас Аяған Алматыда өткен ақындар айтысында бақтарын сынап, арнайы жүлделерді …

ЖАС АҚЫНДАР ЖҮЛДЕСІ Read More »