«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.02.2019

СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады. Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуірінде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, …

СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ Read More »

ӨРТ КЕЗІНДЕ КЕРЕК КЕҢЕС

Жыл басынан бері облыс орталығында 10 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл оқыс оқиғалардың кейбірі көпқабатты үйлердің пәтерлерінде орын алды. Жеке үйге қарағанда, бұл баспаналардан сыртқа шығу қиынға соғады. Сол себепті, өрт кезінде адамдар сасқалақтап, қалай әрекет ету керектігін білмей жатады. Осы орайда оларға бірқатар кеңес беруді жөн көрдік.

ОҢТҮСТІКТЕН КЕЛГЕНДЕРГЕ ҮЙ БЕРІЛЕ МЕ?

WHATSAPP желісіне Мағжан Жұмабаев ауданы Медвежка ауылының тұрғыны Нағима Қалмұратовадан сауал келіп түскен болатын.  Нағима Халмұратова, Мағжан Жұмабаев ауданы Медвежка ауылының тұрғыны:

ДУМАН КҮДЕРОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

Ертең Оқушылар сарайында Думан Күдеров атындағы “Сарқылмас бұлақ” атты аймақтық күйшілер байқауы өтеді. Жастар шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өтетін додаға біздің өңірмен қатар Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының 90-ға жуық өнерпазы қатысады. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін олардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп, бағалайды. 11-14 жас аралығында өнер көрсететіндердің бірі …

ДУМАН КҮДЕРОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ Read More »

НАН БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Қала тұрғындары жыл басынан ең төменгі жалақының мөлшері өсіп, коммуналдық төлемдердің құны кемігеніне қуанып жүргенде, ойламаған жерден нан бағасының көтерілгеніне аң-таң. Бұрнағы күні облыс орталығын нанмен қамтамасыз ететін ең ірі компания – “Петропавл нан-тоқаш комбинаты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз өнімдерінің бағасын 10 пайызға өсірді.

ЖАҢА МИНИСТРЛЕР АНТ БЕРДІ

Қазақстан жаңа үкіметінің алғашқы отырысы басталды. Премьер-министр Асқар Мамин министрлер кабинетінің мүшелерін құттықтап, үкіметтің жаңа құрамы айналысатын істерді белгіледі.

ҚАТЕЛІККЕ ЖИІ ЖОЛ БЕРЕДІ

Қоғамдық ұйым өкілдері «Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Петропавл қаласындағы №1 және Қызылжар ауданындағы филиалдарының жұмысын тексерді. 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ТҮЙТКІЛДЕР КӨП

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Отырыста медицина саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” бағдарламасы аясында өңірде өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев баяндады.

БОРЫШКЕРЛЕР ТЕКСЕРІЛДІ

Өңірімізде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындыланды. Шараға 300-ге жуық полицей қатысып, 80 бірлік техника жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, төленбеген айыппұлдары бар автокөліктердің иелерін тоқтатты. 34 жастағы азаматты тексеру барысында оның бірнеше ай бойы әкімшілік айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды. Полицейлер борышкердің көлігін айыппұл тұрағына қойды. Енді ол рөлге айыппұлын толық өтегеннен …

БОРЫШКЕРЛЕР ТЕКСЕРІЛДІ Read More »

ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Облыс тұрғындары ауыр дертке шалдыққан төрт жастағы Әділет Төлегенге қаржылай көмек көрсету үшін қайырымдылық шарасына қатысты.

ҮЛКЕН ТЕННИС ТУРНИРІ – ПЕТРОПАВЛДА

Петропавлда үлкен теннистен халықаралық турнир басталды. Бүгін  Теннис орталығында жарыстың салтанатты ашылу шарасы өтеді. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстанмен қатар АҚШ да теннисші жастар келді. Жарыстар наурыздың 2-не дейін жалғасады.         

ҚОБЫЗ – КИЕЛІ АСПАП

Біздің өңірімізде сан ғасырлар өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халық аспабы – қобызды серік еткен өнерпаздар қатары аса көп емес. Солардың бірі – Жәмила Мұстафина. Ол облыс орталығындағы музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжі кешенінде ұстаздық етеді. Қоңыр үнді қобызымен талай байқауларда жеңімпаз атанған талант иесімен болған әңгімемізді …

ҚОБЫЗ – КИЕЛІ АСПАП Read More »

ТҮСІНДІРУ ЖАЛҒАСУДА

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды жинақтау, қызмет көрсетуші медициналық ұйымдарға ақы төлеу және оларды есепке алу міндеттері жүктелген. Бүгінде қордың электронды ақпараттық жүйесі мен ресурстарын құру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ЗОР

Петропавлда “Жастар – елдің стратегиялық ресурсы” атты шара өтіп, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайында айтылды. Жиында Қазақстан коммунистік партиясының облыстық филиалындағы жастар қанатының жетекшісі Виктор Сауков биылғы жоспарларымен бөлісті.

АТА ЖОЛЫН ҚУҒАН АЗАМАТ

Бүгінде ата-бабамыздан мұра болған ұлттық нақыштағы дүниелеріміз ортаға қайта оралуда. Әсіресе, соңғы жылдары қазақтың астауына сұраныс арта түскен. Ағаштан түйін түйіп, қазақтың қолөнерін насихаттап жүрген жерлестеріміздің бірі – Жанайдар Молдабаев. Ол – бірнеше шебердің басын қосып, шағын цех ашқан іскер азамат.

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ЕСКЕРІЛМЕГЕН

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің мамандары жергілікті энергетика саласының субъектілеріндегі еңбек қауіпсіздігіне, апаттық және техникалық жағдайына тексеріс жүргізген болатын.

ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

2019 жыл – “Нұр Отан” партиясы үшін маңызды кезең. Биыл біздің партиямызға 20 жыл толып отыр. Осыған орай “Нұр Отан” партиясының Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында осы саяси ұйымның кезекті он сегізінші съезі өтеді. Бұл алқалы жиында партияның алдағы жылдардағы стратегиясы, Елбасының Жолдауларында, Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында …

ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ Read More »

“ПОЛИЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ — ПАРЫЗ”

“Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов “Soltustik Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және WHATSAPP желісіне келіп түскен оқырмандардың сұрақтарына жауап берген болатын. Бүгін осы әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.