«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.02.2019

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАР САТЫП АЛЫНАДЫ

Өңірдің денсаулық сақтау саласында қордаланған проблемалар аз емес. Солардың ішіндегі ең өзектісі – медициналық құрал-жабдықтардың көптен бері жаңартылмауы. Бүгінде олардың тозуы 62,5 пайызды құрап отыр. Осы олқылықтын орнын толтыру үшін биыл республикалық және жергілікті бюджеттен жаңа емдеу аппараттарын сатып алуға 4 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Жаңа …

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАР САТЫП АЛЫНАДЫ Read More »

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезінде тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне басымдық беріп, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы мөлшерін көбейту қажет екенін айтты.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Съезде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін 2019-2012 жылдары 980 млрд. теңге бөлінетінін атап көрсетті.

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Керлингтен өңір құрамасы Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Жастар ойындарынан жүлделі оралды. 

ЕСЕПТІ ТЕҢЕСТІРДІ

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командалары плей-офф сынындағы алтыншы кездесуін өткізді.

МЕРЕЙЛІ БЕЛЕС

Жамбыл ауданындағы Пресновка қазақ орта мектебінің жиырма жылдығына орай кездесу кеші өтті.

ЖҮЗ ШАҚТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУЫ МҮМКІН

Үстіміздегі жылғы қыста қар әдеттегіден едәуір қалың түсті. Демек, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша талай шаруа атқарылуы қажет. Осы мәселе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының жіті назарында. – Көктемгі су тасқыны кезінде облыс бойынша 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін. Облыс бойынша жүзге жуық елді мекен қауіпті аймақта, ал 18 ауыл тікелей …

ЖҮЗ ШАҚТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУЫ МҮМКІН Read More »

ДИМАШТЫҢ ЖЕҢІСІ

Димаш Құдайберген АҚШ төрінде өтіп жатқан  «The World’s Вest» атты таланттар додасының төртінші кезеңіне өтті. Ол америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself композициясын орындады. Қазақстандық әнші 94-39 есебімен жеңді. Америкалық қазылар алқасының мүшесі Ру Пол Димашқа ең жоғары – 50 балл берді.

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында көру қабілеті төмен азаматтарға арналған “Ұлы дала жауһарлары” атты көрме өтіп жатыр. 

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Солардың бірі – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салу.

«НҰР ОТАННЫҢ» СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезі жұмысын бастады.

ВАГОН ЖЕТІСПЕЙДІ

Жыл сайын вагон тапшылығынан тығырыққа тірелетін солтүстікқазақстандық диқандардың мәселесі әлі шешімін табар емес. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, мәні жоқ басқосулар жергілікті жүк тасымалдаушыларды әбден шаршатты. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өзекті мәселеге қатысты кезекті жиын өтті. Өкінішке қарай, бұл жолы да жергілікті кәсіпкерлердің атқарылған істерден гөрі тол­ғақты мәселені шешудің ұтқыр жолдарын күткен үміті ақталмады. Жиын …

ВАГОН ЖЕТІСПЕЙДІ Read More »

ДАЯРЛЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАУДА

Елімізде көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған “Көктем – 2019″ республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде. Оқу-жаттығудың штабы Петропавл қаласына келіп орналасты.  Шара аясында солтүстікқазақстандық құтқарушылар облыс орталығындағы “Ойқала”, “Заречный” шағынаудандарында, Жұмысшы кентінде және Мамлют ауданында төтенше жағдайларға даярлықтарын пысықтауда. 233 құтқарушы мен 46 арнайы техниканың  даярлығын штаб жетекшісі, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Марат Күлдіков тексеруде. …

ДАЯРЛЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАУДА Read More »