Елімізде соңғы 3 жылда 27 балалар үйі жабылып, жетім балалардың саны 3 мыңға кеміген екен. Бала асырап алған ата-аналардың саны көбейіп келеді.
Бүгінде Қазақстанда отбасылық типтегі 23 мекемеде 849 бала өсіп жатыр. 43 балалар үйі мен мектеп-интернатта 2797 бала оқиды. Денсаулық сақтау жүйесінде – 21 сәбилер үйі, әлеуметтік қорғау жүйесінде 18 медициналық- әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Балаларды ересек өмірге дайындау мақсатында ашылған 14 жасөспірімдер үйінде 208 бала тәрбиеленуде.
https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-3-zhylda-zhetim-balalarga-arnalgan-27-uyym-zhabylgan_a3502935