«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМГЕР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстан” Республикалық телерадиокорпорациясының Алматы қаласындағы филиалына Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі, телекомментатор, Кеңес заманында Мәскеудегі Орталық телевизиядан сөйлеген бірінші қазақ, телевизия туралы бірінші ғылыми кітап авторы, аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Совет Масғұтовтың бюсті қойылды. Қаламгердің жары  жары Шолпан апайымыз: “40 жылдан кейін өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей болды. Жарыммен қайта табысқандай көңілдемін” деп көзіне жас алды. Сұлтан Оразалин, Құсман Игісінов, Төлеубай Қаймулдинов, Құдайберген Тұрсын, Нұртілеу Иманғалиұлы бастаған ардагерлер С.Масғұтов туралы естеліктерімен бөлісті. Сөз соңында шараға жиналғандар Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаевқа, “Қазақстан” телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қаринге ұрпақ сабақтастығын жалғау бағытындағы қызметтеріне алғыс білдірді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp