ТУЫСЫМДАЙ КӨРЕМІН
1944 жылдың қысы болатын. Бір күні түс ауа ауылымызға атқа жегілген шанамен бірнеше адам келді. Мен сол кезде сегіз жастағы баламын. Олардың ақырын ғана өз тілдерінде әңгімелескендері әлі күнге дейін көз алдымда. Арада бірнеше күн өткеннен кейін көбі басқа ауылдарға көшіріліп, бір отбасы біздің шаңырақта тұратын болып шешілді. Анам марқұм олардың мұсылман екендігін біліп, құрмет …