«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕР ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға бағытталған “Жас кәсіпкер” пилоттық білім беру жобасын іске қоспақ.

Жастар жылы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды. “Жас кәсіпкер” – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен “Бастау” жобасы аясында іске аспақ. 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған жаңа жобаның арқасында іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, кәсіп аша алады. Үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар кәсіпкерлік ортаға терең бойлауға көмектеседі. “Оқу барысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген материалдар, тәжірибелік жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде белгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындарды қолдану арқылы жүргізіледі. Жоба 4 наурыз күні Алматы қаласында бастау алады”, – деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Гүлмира Шоқтыбаева.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp