Бүгін Алғыс айту күніне орай Петропавлда зейнет жасындағыларға қоғамдық көлікті тегін пайдалану мүмкіндігі жасалды.
Ол үшін автобус жүргізушісіне зейнеткер куәлігін көрсету жеткілікті. Қайырымдылық пен достық мерекесін осылай атап өтуді петропавлдық тасымалдаушылар осы атаулы күн енгізілгеннен бері жылдағы дәстүрге айналдырған.