«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ – МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Сағынтаев 2016 жылдан бері Қазақстанның үкімет басшысы қызметінде болған. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі еңбек жолынан өтті. “Құрмет” орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған бірқатар ғылыми жұмыстың авторы.

Дереккөзі: tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp