Ертең облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары басталады.
Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысады. Атап айтқанда, 10 наурызға дейін созылатын сайыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз команда бақ сынайды. Күніне төрт ойын өткізу жоспарланған. Петропавлдық команданың ойындары сағат 18-де басталады.