«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР АҒА БУЫНҒА ҚАМҚОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Соколов ауылдық округінің жастары «Қамқорлық» акциясына қатысып, қарттарға көмек көрсетті.

Жалғызбасты зейнеткерлер Валентина Пашкова мен Зоя Лелицаға көмек қолын созған жастар қарттардың аулаларын қардан тазартты. Аға буынға құрметі зор белсенділердің қайырымды ісі жұртшылықты сүйсінтті. Өз кезегінде қариялар жүрегі мейірімге толы жастарға ризашылықтарын жеткізіп, алғыс білдірді. Ал аға ұрпаққа қамқорлық танытқан белсенділер замандастарын қайырымды болуға шақырып, үлкендерге әрқашан қолдау білдіру керек екенін айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp