«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКАНЫҢ КӨМЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен бірлесіп, “Жүректі әнмен тербетейік” атты классикалық туындылар кешін өткізді.

Кеш барысында педагогика ғылымының магистрі Т.Жукова классикалық музыканың тарихын әңгімелеп, оның маңызына тоқталды. Музыка пәндері кафедрасының студенттері И.Бахтың, И.Гайднның, Л.Бетховенның, Ф.Шопенның және өзге де композиторлардың туындыларын орындады. Кітапхананың қызметкерлері орындалған әр туындының шығу тарихын сөз етті. “Классикалық музыка көңілді, лирикалық, әрі мұңды бола алады. Ғалымдар олардың көмегімен адамның сырқатынан айыға алатынын дәлелдеген. В.Моцарт пен П.Чайковскийдің симфониялық шығармаларын жиі тыңдайтындар көңіл-күйінің үнемі көтеріңкі болатынын аңғарған. Ал, ауыр тапсырмаларды орындағаннан кейін А.Вивальдидің, Л.Бетховеннің, И.Брамстың туындыларына құлақ түрсеңіз, шаршағаныңыз бірден басылады. Бүгінде әлем музыкатерапияның осы түріне ден қоя бастады”, – деді кітапханашы Наталья Чуряк.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp