«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Петропавл қаласы қоғамдық кеңесінің отырысында мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет иелігіне қайтару мәселесі қаралды. 

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Жомарттың айтуынша, өткен жылы облыс орталығында пайдаланылмай жатқан 180 гектар жер есептелінген. Соттың араласуымен әзірге 28 учаске ғана қайтарып алынған. Ал жалпы жерді иесіз деп тану туралы өтініш бойынша сотқа жіберілген материалдар саны – 146. Сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің 8 гектарынан астамы сот орындаушылары арқылы саудаға шығарылған. 
Өткен жылы қала бойынша мемлекет меншігіндегі жерде рұқсатсыз орнатылған 150 металл гараж бұзылыпты. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл гараждардың орнына автокөлік қоятын орындар жасау туралы ұсыныс білдіріп отыр. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp