«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙ ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық жол полициясының мұражайы 1 наурыздан бастап өз жұмысын қайта жандандырды. Экскурсия жетекшілері ретінде ардагерлердің өздері болады.

Мұражай 1997 жылы Қазақстан жол полициясының бесжылдығы қарсаңында ашылған болатын. Бүгінде жаңартылған мұражайда жол полициясының тарихы, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу залы мен аталмыш қызметтің Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары құрылуынан сыр шертетін бөлімдерден тұратын үш зал бар. Мұнда бір мыңға тарта жәдігерлер орналасқан. Сирек кездесетін фотосуреттерді, құжаттарды, құрылғыларды, тіпті өткен ғасырдың басында МАИ қызметкерлерінің қолданысында болған танымал көліктердің бірі «Москвичті» көруге болады. Ал, полицияның бүгінгі тарихы көрсетілетін залда 2011 жылдың күзінде Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді тоқтатып, өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың былғары курткасы мен фуражкасы сақтаулы тұр.

-Бөлек стендте облысымызда алғашқы автобустардың, бағдаршамдардың пайда болу тарихы көрсетілген. Қызықты экспозициялар қойылған мұндай мұражайлар елімізде саусақпен санарлық, – дейді ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Евгений Райтенбах.

Бұл мұражайда патрульдік және әкімшілік қызметке келген офицерлер мен сержанттар үшін айына бір рет экскурсия өткізіліп тұрады.   Жол полициясы мұражайы облыс аудандары мен қала мектептерінің оқушылары және студенттер үшін әрдайым ашық.  

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp