Петропавлдағы Оқушылар сарайында физика және инфоорматика пәндерінің мұғалімдері үшін семинар-практикум ұйымдастырылды.
Облыс мектептерінен жиналған 60 шақты мұғалім тәжірибелі әріптестерінің дәрістерін тыңдады. Басты тақырып – түрлі роботтарды жобалау және жасау. Өйткені қазіргі күні мектеп оқушылары осы салаға көп қызығушылық танытып отыр. Шәкірттерге робот техникасын жасауды үйретіп жүрген ұстаздарға семинар барысында бірнеше қызықты жобалар көрсетілді.