«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.03.2019

ШАТЫРЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚИЫН

Петропавл қаласының 19-шы шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып құлады. Белгілі болғандай 1983 жылы тұрғызылған баспана шатырына біраз жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тұрғындарды сыртқа шығарып, қауіпті жерді қоршады. – Шатырды тексеру барысында 9 және 10 кіреберістерінің арасындағы шатырдың 50 шаршы метрі зақымдалғанын анықтадық. Қаза тапқандар жоқ, – дейді облыстық …

ШАТЫРЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚИЫН Read More »

ТӨЛЕМДЕР ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАДЫ

Былтыр облыс орталығында “Қызылжар – адалдық алаңы” кеңсесі өз жұмысын бастаған болатын. Бүгіндері бұл бастама өз жемісін беруде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба аясында «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің базасындағы бірыңғай ақпараттық есептік орталыққа қосылған кәсіпорындардың саны 70-тен асты. – Жобалық кеңсенің мақсаты – сыбайлас …

ТӨЛЕМДЕР ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАДЫ Read More »

ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Өрттің басым бөлігі балалардың отпен ойнауы салдарынан орын алады. Олар көбіне өрт болған жағдайда не істеу керектігін білмейді. Өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым талаптарын түсіндіру мақсатында Есіл ауданы Ясновка ауылының Мәдениет үйінде ертегі желісі бойынша театрландырылған қойылым сахналанды. Оған Корнеевка және Ясновка ауылдары мектебінің оқушылары қатысты. Шара ұйымдастырушылары балалар мен жасөспірімдерге өрт қауіпсіздігі …

ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА Read More »

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛА!

Алғыс айту күніне орай мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ұжымы Петропавлдағы балалар үйінде болды. Департамент басшысы Елена Степаненко мен қызметкерлері балғындарға ақ тілектерін арнап, сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ, балалар үйінің бас дәрігері мен ұжымына зор еңбектері үшін алғыс білдірді. Мұндай акцияларымыз арқылы көмегіміз бен қолдауымызға зәру жандарға қамқорлық таныту …

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛА! Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командаларының плей-офф сынындағы кездесулері аяқталды. Павлодар қаласында өткен жетінші матчта қарсылас команданың қақпасына кім шайба салды? Жерлестеріміз жартылай финалда қайсы командамен сайысқа түседі? Бұл туралы газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.

ДАУЫЛПАЗ ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ДОДА

Петропавл қаласындағы олимпиадалық резервтегі облыстық мектеп-интернат-колледжінде қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Қожаберген жырау атындағы сайысқа Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Шымкент қалаларынан келген екі жүзге жуық балуан қатысты. Екі күнге созылған біріншілік барысында 2004-2005 жылдары туған спортшылар 11 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Доданың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Сламғали (32 кг., Екібастұз қ.), Мұхтар Әлиев …

ДАУЫЛПАЗ ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ДОДА Read More »

МІНДЕТТЕР БӨЛІНДІ

Премьер-Министр Асқар Мамин «Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының арасында міндеттерді бөлу туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz. Премьер-Министрдің жетекшілігіне – экономикалық, қаржылық, қазыналық және кеден саясаты, мемлекеттік бюджетке қатысты стратегиялық мәселелер, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық, шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік активтерді басқару мәселелері кіреді. Сонымен қатар …

МІНДЕТТЕР БӨЛІНДІ Read More »

ӘРІПТЕСТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің ер-азаматтары әріптес қыз-келіншектердің құрметіне салтанатты шара өткізді. Оларды мерекемен құттықтай отырып, ведомство бастығы Берік Біләлов бүгінде солтүстікқазақстандық полиция қатарында 494 нәзік жан қызмет етіп жүргенін, олардың 363-і аттестатталған, 81-і – әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, ал елуге жуығы еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүргендер екенін айтты. Салтанатты шарада алпысқа жақын …

ӘРІПТЕСТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

ӨТКЕН КҮННЕН СЫР ШЕРТЕДІ

Солтүстікқазақстандық жол полициясының мұражайы 1 наурыздан бастап өз жұмысын қайта жандандырды. Экскурсияға ардагерлер жетекшілік етеді.

ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕТКЕН ЖЫР КЕШІ

“Ішінде өзің қағып алған қардың, Жүрегім бесігі аппақ армандардың. Көктемде гүл мен жанға нәр беретін, Мен де бір туған жерге жауған қармын”, – деп жырлаған жерлесіміз, ақын Ерік Асқаров тірі болғанда биыл алпыс жастың төріне көтерілер еді.

ТЕЛЕДИДАРДЫҢ ДАРАБОЗЫ

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында дүниеге келіп, кейін қазақ телевизиясының алғашқы дикторы болып, журналистиканың шыңын бағындырған Совет Масғұтов көзі тірі болса биыл 80 жасқа толар еді. Кеңес одағы тұсында оның қазақ журналистерінің ішінен алғашқы болып Мәскеудегі Орталық телевизиядан сөйлегені жерлестерінің де есінде.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ

Ақтөбе қаласында гір спор-тынан ел біріншілігі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 150 спортшы қатысқан жа-рыста 22 жерлесіміз бақ сы-нады.

О́NERGE QUSHTARLYQ

“Uly dala jaýharlary” atty áleýmettik joba aıasynda oblystyq beıneleý óneri murajaıynda alǵash ret kórý qabileti tómen adamdarǵa arnalǵan kórme uıymdastyryldy. Sharaǵa tanymal sýretshiler týyndylarynyń barelef-kóshirmesi qoıyldy. Oqýshylar saraıyndaǵy kórkemsýret mektebiniń tárbıelenýshileri atalmysh kórmege arnaıy on tórt kartına ázirlegen.

БАЙЛАНЫС ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Ұлттық бюроның облыстық департаменттерінде жергілікті тұрғындар үшін “Ашық есік күні” өтті.

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ — МІНДЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіподақ ұйымдарын қоғамдағы ықпалды күшке айналдыруға, жұмысын жетілдіруге әрдайым көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”, “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламалық мақалаларында, “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” тарихи құжатында ел дамуының, қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын одан әрі жақсартудың қарышты қадамдары мен стратегиялық …

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ — МІНДЕТ Read More »

ОНЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ҰЛТТЫҢ ЖАҢА ИГІЛІГІ

Астанада Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Еліміздегі ең ірі саяси ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған кезекті съезд партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасының қабылдануымен айшықталды. Аталған құжатта Елбасының елімізді жан-жақты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға партияның қосатын нақты үлесі …

ОНЖЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ҰЛТТЫҢ ЖАҢА ИГІЛІГІ Read More »

СЕРПІЛІС КЕЗЕҢІ

Кеше “Nur Otan” партиясы облыстық филиалында салтанатты іс-шара өтті. “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов қатысушыларды партияның 20 жылдығымен құттықтады.

ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

Еліміздің бірқатар өңірлерінде  боран соғып тұр.Осыған орай «Астана-Петропавл» бағытындағы тасжол жабылған.