«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛМАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен “Nur Otan” партиясының кезекті съезінде Қазақстанның даму бағыты нақтыланып, алда тұрған ауқымды міндеттер сараланды.

Съезден күткен үмітіміз ақталды. “Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты” атты партияның жаңа бағдарламасы әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді. Маңызды жиында көпбалалы аналарды қолдау, ауыл жолдарын жөндеу, газ бен таза ауыз-су құбырларын тарту және тағы басқа мәселелер көтерілді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін Ұлттық қор мен ел бюджетінен 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған.
Соңғы жылдары республикалық автокөлік желілерінің құрылысы қарқынды жүргізілді. Ендігі кезекте жергілікті жолдар желісін кеңейту, тозған жолдардың сапасын жақсарту мәселесіне көңіл бөлінбек. Бұл мақсатта бюджеттен қосымша 350 млрд. теңге бөлінетін болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың 95 пайызы жөнделеді.
Бүгінгі күні облыстың жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 9 мың шақырымды құрайды. 2017 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 11,1 млрд. теңге қаражат бөлініп, 640 шақырым жол жөнделді. Былтыр бұл мақсатқа 14,7 млрд. теңге бағытталса, биылғы жоспар 18,2 млрд. теңгені құрайды. Жалпы облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес 2021 жылға дейін өңір жолдарын жөндеу жұмыстарына 62,8 млрд. теңге бағыттау жоспарланған.
Алда баршамызды ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелер 2030 жылға дейін өз шешімін табатынына сенім зор.

Ғалым ТАСБОЛАТОВ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp